Caravan Logo

Дәрігердің салғырттығы тағы бір бүлдіршіннің өмірін қыршынан қиды

Дәрігердің салғырттығы тағы бір бүлдіршіннің өмірін қыршынан қиды

Бұл ауруханаға өз аяғымен келген 5 жастағы Аяулымның операцияға кірер алдында ғана түскен суреті. Хирург оның  өпесіне түскен ас қоқымын алып тастауы тиіс болатын.

Ал бұл операциядан кейінгі бүлдіршіннің хәлі. Дені жақсармақ түгілі, қол-аяғы тартылып, қос жанары көрмей, құлағы да естімей қалған. Қателіктің өздерінен кеткенін білдірмеуді барынша бақса керек, Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы орталығы науқасты «жағдай қалыпты» деген желеумен Облыстық аймақтық балалар ауруханасына жөнелтіп жіберіпті. Бүлдіршін сол жерде ақыры есін жимастан бақилық болды.

Салтанат Аманжолова, Аяулымның анасы:

- Дәрігер кінәлі. Сап-сау аяғымен жүріп барған бала. Сабаққа барады деп биыл дайындалып отыр едім. Мүгедек қылып, өлтіріп берді.

Операция кезінде әріптестерінің олқылық жібергенін баланы ауыр халде қабылдап алған аурухана өкілдері де бірден растаған.

Бақытгүл Жәмиева, Алматы облыстық аймақтық балалар ауоруханасы, Неврология бөлімінің меңгерушісі:

- Гепоксия болған дейміз, Гепоксия ол – баска оттегі жетпей қалған. Бірақ, ол қай жерде қалай болғанын біз айта алмаймыз. Оның бәрін сіздерге педиатрия институты айтып береді. Сырқаттамасында жақсы деп жазған, бірақ біз көргенде ондай жақсы бала көрмедік.


Жақсығали Дүйсенғалиев, Аяулымның әкесі:

- Педиатрия институты шығарып тастады ғой. 40 күннен кейін комада жатқан күйінде. ГРЭС-те жатты біраз. Одан кейін үйге шағарып алдым. Тамақты шприц арқылы беріп отырдық. Есікке жатқыздық. Бірақ одағылар жарамайды деп шығарып тастады.  Наркозды көп беріп жіберген негізі.

Осының барлығын ашық жазып, Жақсығали прокуратураға шағым түсірген. Бірақ қызметтік тексерудің әлі жүргізіліп жатқан түрі жоқ. 

Жақсығали Дүйсенғалиев, Аяулымның әкесі:

- Прокуратураға шағым түсіргем. Бірақ іс жүріп жатқан жоқ. Бір айдан асып кетті жазғанымызға. Кеше департаментке барсам, 29-на дейін уақыт беріңдер дейді. Оған қыз күткен жоқ, кетіп қалды.

Ал айыптарын Педиатрия орталығы әу бастан-ақ мойындаған жоқ. Бірақ бауыр еті баласынан көз жазып, қара жамылған әке мен ана істі бұлай қалдырмақ емес. Қажет болса, сот табалдырығын жыл бойына тоздыруға әзір.