Дәрігерлер оларды термиялық күйіктен қаза тапқандығын айтты, деп хабарладыҚазАқпарат.
“Біз түні бойы жұмыс істедік. Мәйіттерді тексеріп, өлімінің себебін анықтадық. Паталогоанатомиялық зерттеу адамдардың тұншығып емес, термиялық күйіктен қайтыс болғанын көрсетті. Біз міндетімізді орындадық. Қалған жұмыс құқық қорғау органдарының құзырында”, -дейді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.
18 қаңтар, сағат 10:30-да Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында ішінде 57 жолаушысы бар автобус өртеніп кеткен еді.
Нәтижесінде, 52 Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды. 5 адам аман қалды: олардың 3-і қазақстандық, 2-і өзбекстандық екені анықталды. Өрттен зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, Өзбекстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өрттен қаза болған 29 өзбекстандықтың тізімін жариялған еді.
Оқиғаның мән-жайын анықтайтын арнайы комисся құрылды.