Австралиялық дәрігер Филипп Нитшке Нидерланды инженері Александр Банникпен Sarco деп аталатын машина жасап шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап. Ол жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдарға арналған.
Машина 3D-принтерде шығарылады. Ол сұйық азоттан және капсуладан тұрады. Аппаратқа адамды орналастырады да төрт таңбалы активациялық код енгізеді. Аппарат ішіндегі ауаны ығыстырып, капсулаға сұйық азот түсе бастайды. Адам ауа жетіспеушілігінен бірнеше минуттан кейін қайтыс болады.
Машинада тетік бар. Егер адам ойын өзгертіп жатқан жағдайда сол тетікті басады. Сол уақытта көлік терезесі ашылып, ауа кіреді.
Аппаратты жасаушылар жаңа технология Швейцарияда қолданады деп үміттенеді. Себебі аталмыш елде эвтаназияға рұқсат етілген 50-ден астам клиника бар.