Дәрігерлер Қырғызстанның оңтүстігінде күйдіргі ауруының таралуына алаңдаулы


"Қазір Көк-Таш селосында(Майли-Суудың маңы) дәрігерлер аулаларды аралауда. Эпидемиологиялық тексеру барысында ауру, деген күдік келтірілген адамдармен араласқан 180 адам анықталды, олар медициналық бақылауға алынды", деді агенттікпен әңгімелесуші.
Оның айтуынша, жуық арада дәрігерлер ауру болғандықтан сойылған сиыр етінің сараптамаға жіберілген нәтижелерін алуға тиіс, жобалауша, өткен аптада ауруханаға жатқызылған жеті адамның науқастануына сол сиырдың еті себеп болған болу керек.
Республика ТЖМ ақпаратына қарағанда, малдан ауру шыққандықтан, сиырдың иесі оны сойып, етін таныстары мен жақындарына, жалпы алғанда 36 отбасына таратып берген.