Дәрігерлердің жалақысы 30% өсті


Жалақыны арттыруға бөлінген қаражат, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімдер жасасу жолымен медициналық қызметтерге тарифтерді ұлғайту арқылы жеткізілді.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарына жалақыны есептеу үшін біліктілік санатына байланысты мынадай коэффициенттер қолданылатын болады:

- біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға: жоғары санаты бар – 1,5; бірінші санаты бар - 1,47, екінші санаты бар-1,42, санатсыз-1,38;

- біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға: жоғары санаты бар -1,35, бірінші санаты бар -1,33, екінші санаты бар-1,3, санатсыз -1,29;

санитарлар-1,15 (2019 жыл деңгейінде жалақыны сақтау мақсатында).

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 8 753 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 2 914 дәрігер, 5 839 медициналық қызметкерлер бар.