Дәрігерлерге төленетін үстемақыны арнайы комиссия тағайындайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің жалақысына үстемесыйақы қосу жөніндегі президенттің жарлығына байланысты Алматыда арнайы комиссия құрылған. Яғни  дәрігерлердің қандай қауіптілік деңгейінде жұмыс істеп жатқанына байланысты үстемеақыны солар тағайындайды. Кебір қайырымдылық қорларынан қауіпті деңгейде жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылуда,-деді ол.

Басқарма басшысы брифинг барысында қала сыртынан келіп жұмыс істейтін  дәрігерлер қаладағы қонақүйлерге, жаақханаларға орналастырылып, тегін тамақпен қамтамасыз етілгенін айтты. Қаладағы жұқпалы аурулар емханасында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері де қонақ үйлерге орналастырылған. 

Сондай-ақ ол, коронавируспен күреске бөлінген қаражаттар қайда жұмсалғанын да атап өтті.

Коронавиурспен күреске бөлінген қаржыға келер болсам, алғашқы транш бойынша 73 млн теңге бөлінді. Оған медицина қызметкерлері үшін қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек алынды. Сондай-ақ Алматы әкімдігі қорынан 94,5 млн теңге бөлінді. Оған да қорғаныс құралдары мен дезинфекция жабдықтары алынды. Үкіметтен төртінші транш бойынша 1,3 млрд теңге бөлінді. Бұл бойынша да жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек, антисептик пен дезинфекция жабдықтарын алу келісімі жасалды
,-деді Әбілдаев.
 

Еске сала кетейік, Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында бүгінгі күні Алматыда 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациентте – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде екенін айтты.