Бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланған Дариға Назарбаеваның "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" материалында айтылды.
Дариға Назарбаева еліміздегі ауыл шаруашылы саласындағы ірі қара мал басы санының өсуі мардымсыз екенін айтты. Мәселен – 2014 жылы 6 032,7 мың бастан 2019 жылы 7 437,6 мың басқа дейін өсті. Ұсақ қара мал (қой мен ешкі) басының саны 2019 жылдың соңына қарай 19 092,0 мың басты, жылқы саны – 2 825,9 мың басты, құс саны – 45 197,1 мың басты құрапты.
Ал елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ы қайта өңделмей шикізат түрінде өткізіледі екен. Яғни өте төмен қосылған құн салығымен сатылады.
- Сыртқы саудада үлкен мөлшерде диспропорция байқалады. Жыл сайын тауар айналымының теріс теңгерімі тіркеледі – 500 млн АҚШ долларынан – 1 млрд АҚШ долларына дейінгі шамада, яғни елімізге ауыл шаруашылығы өнімі көп әкелініп, аз әкетіледі, - деді Сенат төрағасы.
Ал жалпы Қазақстан ауыл шаруашылы саласын дамытуға ең қолайлы өлке. Өйткені жер ресуртары жеткілікті әрі ауа райы қолайлы.
- Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы және жер ресурстарының үлкен қорын қамти алғанда оның табиғи-климаттық жағдайы (ел алқаптарының 74%-ы егіншілікке жарамды), ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін бірнеше есе арттыруға және жақын орналасқан елдерге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді Дариға Назарбаева.