«Бүгінгі таңда медициналық сауықтыру туризмі де туризм саласында маңызды орынға ие. «Демалыс маусымының аралығында туристерге не ұсынамыз?» деп жатырмыз. Сауықтыру орындарын салыңыздар – ондай жерлерден жыл бойы турист үзілмейді. Бүгінде біздің азаматтарымыз жасару үшін, арықтау үшін, пластикалық операциялар жасату үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, шетелдік курорттарға барады», - деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».
Д.Назарбаеваның айтуынша, мұндай индустрияда әлемде кең таралған. «Бізде оған қажетті жағдайдың бәрі бар: минералды бұлақ көздері де бар, емдік балшық та бар. Яғни, біздің жеріміз бұл жағынан бай», - деп атап өтті депутат.