Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Ол бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары болды. Бұл қызметке былтыр сәуір айында сайланған. Ал оған дейін мәжіліс депутаты, әрі сондағы әлеуметтік және мәдениет істері комитетінің жетекшісі міндетін атқарған. Дариға Назарбаева – қоғам ісіне белсене араласатын саясаткер. Кезінде «Асар» партиясын құрып, соны басқарғаны мәлім. Ол 1963 жылы Теміртауда дүниеге келді. Мәскеу мемлекеттік университетінде тарихшы мамандығы бойынша білім алған. 3 баланың анасы.  

Loading...