Дариға Назарбаева Үлкен театрда концерт береді

«Дариға Назарбаеваның концерттік бағдарламасына қазақ, орыс және шетелдік классиканың танымал шығармалары енгізілді. Сонымен бірге, романстар мен соғыс жылдарының әндері орындалады. Мәскеу халқы Қазақстан президентінің үлкен қызының вокалдық шығармашылығымен жақсы таныс. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол Үлкен театрдың Бетховен залында ән айтқан, тыңдаушылар оның орындаушылығына риза болған еді», - дейді дирекция өкілдері.

ҚазТАГ-қа белгілі болғанындай, концерттің ұйымдастырушылары билет сатудан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Қонақтар Д. Назарбаеваның атаулы шақыру билеттерімен келеді. Мәскеуде оның студенттік шағының достары көп, ол онда Еуразиялық медиафорумның жетекшісі және «Алматы – менің алғашқы махаббатым!» музыка фестивалінің ұйымдастырушысы ретінде жиі болады».

Д. Назарбаева концертіне қазақстандық достары мен әріптестерін де шақырыпты.