Қазақстандық спортшы Дариға Шәкімова алтын медальға ие болды.
Финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық, 75 келі салмаққа дейінгі дәрежеде бәсекелесетін Д.Шәкімова ақтық сында қытайлық Ли Кюаньды - 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, ол екінші рет Азия чемпионы атанды. Бұрын ол 2010 жылы 69 келіге дейінгі салмақта бұл атаққа қол жеткізген болатын, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.