«Қазақстан велоспорт федерациясының президенті қызметіне Дархан Қалетаев келсе, бірінші вице-президент болып Райымбек Баталов, вице-президенттер болып Александр Винокуров, Зүлфия Забирова және Аманбек Құлшықов сайланды», - делінген федерацияның баспасөз парақшасында.
Еске сала кетейік, ҚР велоспорты федерациясының бұрынғы президенті Қайрат Келімбетов бұл қызметтен 2015 жылдың қаңтарында кететіні жайлы мәлімдеп, оған себеп ретінде өзінің негізгі жұмысындағы жұмысбастылығын айтты. Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып табылады.