«Дармасива Индонезия» бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттерді қабылдау басталды


Аталған бағдарлама Индонезияның жоғары оқу орындарында жергілікті тілді, өнер, ән және қол өнері туралы білім алуға, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік бермек.

Бағдарлама шығындары (барып қайту жол ақысы, жатақхана, стипендия) индонезиялық тарап есебінен өтелетін болады.

Стипендиялық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер үстіміздегі жылдың 26 ақпанына дейін Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне мына мекен-жай бойынша хабарласуы қажет: 010000, Астана қ., Сарайшық көшесі 26/1, Дипломатиялық қалашық.

Толық ақпаратты 8(7172)79-06-70 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.