"Дарын керемет пәк болса, онда осы үшін қамалып шыққан жігіттерді ақтаңдар": Айгүл Орынбек уағызшы Дарын Мүбаровқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал заңгер Айгүл Орынбек қос тұлғаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті. 

"Ермек Алдабергенұлы! Президент әкімшілігінде “сәләфизім ағымын” қолдайтын адам отырған жоқ па? Қанды қаңтарды “террористтер жасады” деп алып, қаншама жылдар бойы “адасқан сәләфиттерге қатысы бар “, деген адамды қайта экран бетіне кім шығарып отыр?
“Дарынды тыңдап, уағызын вконтіакте желісінде бөлістің”, деп бір жігіттің үш жарым жылға қамалғанын көргенмін. Сонау Қызылордадан 2017 жылы анасы көмек сұрап келген. Қазақстанда бұл кісінің уағыздары тыңдауға тиым салынған емес пе? Енді келіп бұл кісіні мемлекеттік телерадиода кешенінде жұмыс істейтін журналист Aman Tasygan сұқбат алып, жарнамалап отырғанын қалай түсінейік Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті? Дарын керемет пәк болса, онда осы үшін қамалып шыққан жігіттерді ақтаңдар!
Aida Balayeva ханым мынау не басынғандық?", - деп жазды ол.