Дастан Дүйсенбаев: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – бұл дамуға қолдау әрі ынталандыру

Дастан Ақтөбенің тумасы, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің үшінші курсында «Аспаптық орындау» (эстрадалық аспаптар) мамандығында оқиды. Ол бала кезінен музыка мен шығармашылықты жақсы көреді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ағылшын және жапон тіліне қызығады.

Оның жетістіктеріне тоқталсақ. «Вокал» номинациясы бойынша «ЖАС ТОЛҚЫН-2014» қалалық балалар шығармашылығы байқауының бас жүлдесі (Ақтөбе), «Вокал» номинациясы бойынша облыстық «Ақбөбек-II» байқауының I дәрежелі лауреаты (Ақтөбе), «ЖасSTAR» III республикалық музыкалық өнер байқауы-фестивалінің гран-при иегері (Ақтөбе), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» (Нұр-Сұлтан) номинациясы бойынша музыкалық колледждер арасындағы 43 республикалық орындаушылар байқауының I дәрежелі  лауреаты, «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Шабыт» XXV Халықаралық шығармашылық жастар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Astana-Merey» XIX халықаралық орындаушылар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана) және т.б.

- Музыка өнердіңең мықты түрі деп санаймын. Музыка адамды жанын емдейді, көңілін көтеріп, бақытқа бөлейді, - дейді Дастан Дүйсенбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бағындырылған тағы бір белес, сонымен қатар, жеке даму мен өсуді қолдау мен ынталандыру.

- Өзіңізге сеніп, белсенді болсаңыз, кез келген кедергіні жеңе аласыз! Өміріңіздегі басты мақсатты жүзеге асыруға аянбай күш салып, шығармашылықпен айналысыңыздейді біздің стипендиат.