Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының сапында рекорд орнатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында матчтің 9-минутында ұлттық құраманың алғашқы голын соқты. Гол соққан сәтте шабуылшының жасы 17-де еді.

Сәтпаевтың голына дейінгі рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі еді. Ол 2018 жылғы 23 наурызда Венгрия қақпасына гол соққан. Сол кезде оның жасы 18-де болған.

Айта кетейік, кеше, 15 қарашада "Астана Арена" стадионында Қазақстан және Бельгия құрамалары арасындағы матч өтті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.