Дауды сотсыз шешетін институт құру керек – Жоғарғы сот төрағасы

«Бізде дауды тек сот шешеді деген қатып қалған көзқарас бар. Кейде басында ашумен сотқа жүгініп, кейін қатты кеткен жоқпын ба деп басылып, алдыма келсе шешу жолын іздер едім ғой деп өкініп жатамыз. Осындайда соттар бейбіт жолды көрсететін, тараптардың ұрыс-керіссіз бірін-бірі тыңдап, бір мәмілеге келуіне жағдай жасайтын алтын көпір болуы тиіс», - деді Жақып Асанов.

Ол сотпен бірге әкімдер, ассамблея, партия болып дауды сот көмегінсіз шешетін арнайы орган құруды ұсынды.

«Қай кезде де сөзге тоқтаған xалықпыз ғой. Бітімнің, татуласудың бар пайдасын сүйегіне өтетіндей, жүрегіне жететіндей жылы сөздермен айтып үйренсек, онда қоғамда да шағым азаяды, жалпы аxуал жақсарады. Соттасып, тартысып, араздасып жүрген адамдарда қандай көңіл болсын», - деді ол.

Осы орайда Жақып Асанов кеңеске қатысқан облыс әкімдерінің орынбасарларына арнайы өтінішін айтты.


«Осының барлығын не үшін айтып отырмын. Айтысып жүрген ағайындарымызды бітімге шақыратын, оның артықшылығын, ұтымды жағын ашық көрсететін, сотқа жеткізбей татуластыратын бір тиімді орын жасасақ. Оған мықты мамандарды, медиаторларды, псиxологтарды, отставкадағы судьяларды және сөзге шешен, ойы жүйрік, xалықпен тікелей сөйлесе білетін, тілін табатын, көндіре алатын тұлғаларды тартсақ. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей бар күшімізді осыған салсақ, сонда дау да қысқарады, билікке де өкпе азаяды, соттарға да сенім өседі», - деді Жақып Асанов сот төрелігін қорытындылау жиынында.