Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Жұмаділә Сүннәтұлы есімді желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жұмаділә Бақытжанның айтуынша, ол бір ай бұрын облыстағы спорт кешенінің аянышты күйін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановқа да баяндаған. Алайда, арада ай өтсе де ешқандай өзгеріс болмаған көрінеді.
"ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрлыханов Дәулет Болатұлы мырза: мен 14.11.2024 жылы қабылдауыңызда болып, Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылындағы Денешынықтыру және Спорт кешенінің сыртқы алаңында немесе ішінде балалар мен жасөспірімдерге жаттығатын Спорттық құралдар (инвертарлар) мүлдем жоқ екенін айтқан болатынмын. Міне, айдан астам уақыт өтсе де оң нәтиже шықпай тұр? Бұл жағдайды Түркістан облыстық Спорт басқармасының басшылығы ауыл Спортына жанашырлық танытқысы келмей көңіл бөлмей отырғаны деп түсінеміз ба? Дәулет Болатұлы мырза: халық қалаулысы ретінде назарға алып, бақылауда ұстап Президент әкімшілігіне немесе ҚР Туризм және Спорт Министрлігіне тікелей шығып Ағыбет ауылының жасөспірімдеріне Спорттық құралдар (инвертарлар) жібертсеңіз дұрыс болар еді? Түркістан облыстық Спорт басқармасының басшылығы сізді жүре тыңдап отырғандары ма екен? Шарасыз жауап, құрғақ уәделері мен уақыт созып жүре берулері әбден мүмкін деп ойлаймын? Өйткені тек қағаз жүзінде "Бізде бәрі әдемі, кинодағыдай" деп бұрынғы қалпында қалып кетуі де ықтимал ...", - деп жазды ол.
Жазбаға жазылған пікірлерге сенсек, елдегі өзге ауыл-аймақтардағы спорт кешендерінің де жағдайы мәз емес.
"Қайта сендерде бар екен. Бізде мүлдем жоқ қой, көрмедік те", "Кез келген ауданда 15 ауыл бар деп есептейік. 100% сеніммен айта аламын сол 15 ауылдың 14-де түк жоқ. Өзім осы спорт саласында жаттықтырушы болып жүрмін ғой", "Бұдан кейін нәтиже сұраған өте ұят", "Тек бір ауылда емес, біраз жерде спорттық құрал-жабдықтар тозған", "Спорттық құрал түгілі зал жоқ қой", "Келес ауданындағы спорт мектебінде де осы жағдай", - деп жазды олар.