Дәурен Абаев отандық телеарналардағы журналистердің біліксіздігін сынға алды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады Sn.kz.

"Біз жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі көрсеткендей, халықтың телеарналардағы есепсіз жарнамаларға, аймақтық контенттің аздығына, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың аздығына және отандық телеарналарда жұмыс істейтін журналистердің деңгейінің төмендігіне көңілдері толмайды. Біздің телеарналар бұл мәселелерге қатысты ойланып, көрермендерін ұстап қалу үшін тиісті шаралар қолдануы қажет", - деді Дәурен Абаев кеңейтілген отырыс барысында.

Бұл проблемаларды шешу үшін министр телеарна басшыларына толықметражды телесериалдар түсіріп, қызметкерлерді KPI жүйесі бойынша бағалауды ұсынды. Бұл өз кезегінде журналистердің деңгейін арттыруға септігін тигізбек.