Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап берді.
«РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдің қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыңғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?» деген сауалға Дәурен Абаев: «Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен бірыңғай ЕАЭО валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», деп жауап берді.