Дәурен Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін Нью-Йоркте өткізеді

Бұл туралы оның туған інісі - Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«3 желтоқсанда үлкен ағам Нью-Йоркте кәсіби рингке алғаш рет шығады. Қазақстандықтар, жерлестеріңізді қолдаңыздар!», - дейді Данияр.

Еске салсақ, Данияр 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия Ойындарының чемпионы, сонымен бірге 2013 және 2014 жылдардағы AIBA нұсқасы бойынша Үздік әлем боксшысы атағының иегері.

Дәурен Елеусінов жастар арасында көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы.