Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн райының оқыс мінезінен жоғары кернеулі желі мен кабельге ақау келді. Сонымен бірге "Таугүл" ықшамауданына жарық беретін №147 және "Таулы қырат" ауылына жарық беретін №131 тораптық станцияларда апат болды.

"Бүкіл қала бойынша жарық үзілді. Күн райынан Медеу, Бостандық, Алмалы, Әуезов, Түріксіб аудандары зардап шекті. Жарық сағат 21.16-да үзілді. Әуезов ауданында электр қуаты сағат 00.17-де, ал қала бойынша ең соңында 4.36-да берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Электр қуатының болмауы салдарынан көптеген аудандарда көшедегі жарық, бағдаршамдар, үйлер мен басқа да нысандар жарықсыз қалды.