Давид Вильяның соққан голы ғаламторда хит болып кетті

Барлығы ойынның соңында болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Вилья "Филадельфии Юнион" командасының қақпашысы алаңның ортасына шығып кеткенін көріп, қақпадан 50 метр жерден соққы жасады. Кездесу 2:0 есебімен "Нью-Йорк Сити" пайдасына шешілді.

Давид Вильямен бірге бір клубта ойнаған Андреа Пирло испаниялықтың соққан голын өзінің спорт мансабында және нью-йорктік клубтың тарихындағы ең әдемі гол болғанын жеткізді.