Бұл туралы дүйсенбі күні кешке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жариялаған деректерден белгілі болды.
Дерттен өлім-жітім, керісінше, (5 мың 987 адам) азайған. 28 қарашадағы бюллетеньде құрбандар саны 6 мың 928 болған еді.
Ең ауыр жағдай Либерияда - мұнда ауыр сырқатты жұқтырғандар саны 7 мың 835 болса, көз жұмғандар 3 мың 145-ке жеткен. Одан кейінгі орында Сьерра-Леоне (7 мың 109 жұқтырғандар және 1 мың 530 қаза болғандар) және Гвинея (2 мың 155 жұқтырғандар және1 мың 312 қаза болғандар) алады.
ДДСҰ деректерінде Эбола безгегіне қатысты нақты жағдай да, «ықтимал» жағдай да, күдікті жағдай да назарға алынған.