Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада Эбола індетіне шалдыққан 99 адам тіркелген. Ұйымның қызметкерлері айтқандай, бұндай төмен көрсеткіш 2014 жылдың маусымынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.
«Эбола індетіне төтеп беру шараларының екінші кезеңі басталды. Екінші кезеңнің негізгі мақсаты - індеттің тарауын тоқтатумен қатар мүлде тыйып тастау», - деп айтылған ДДҰ мәлімдемесінде. Бұдан бұрын басқа елдерге қарағанда Эбола індетінен анағұрлым зардап шеккен Либерияның билігі соңғы күндері ресми түрде індетке шалдығудың тек 5 оқиғасы расталғанын мәлімдеген болатын.