Вирусты барлығы 13 мың 703 адам жұқтырған, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының көмекшісі Брюс Эйлуорд. Өлім-жітім 70 пайызды құрады.
Ол вирусты жұқтырғандар санының күрт өсуі жаңа жағдайлардың тіркелуімен емес, жаңартылған мәліметтердің алынуымен байланысты екендігін атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, Либерияда аурудың таралуы біртіндеп баяулап келеді. Осыған дейін ДДСҰ Нигерия мен Сенегалда безгек эпидемиясының тоқтағанын мәлімдеген болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.