Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу есебіне комиссия мүшелері деректерді қалай және қайда жинағаны, вирустың пайда болу нұсқалары, ықтималдылық дәрежесі бойынша қандай негізде сараланғаны және қай бағытта зертеу жүргізгендері туралы айтты. Баяндама ұйымның сайтында жарияланды.
SARS-CoV-2-нің қайда және қашан пайда болғанын дәл анықтау мүмкін болмады. Сондай-ақ, COVID-19-дың Ухань базарымен байланысын да дәлелдеу мүмкін емес.
ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Ухань теңіз өнімдері базарынан тыс және тіпті Қытайдан тыс жерде алғаш рет коронавирус жұқтырған науқастарды іздеу жалғасатынын айтты. ДДСҰ мамандары коронавирустың шығу тегі Қытай екенін нақты айта алмайды. Өз кезегінде Қытай билігі ДДСҰ сарапшыларының баяндаманы жариялағаннан кейінгі кәсібилігін жоғары бағалады.
Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында алғашқы науқас тіркелді. Содан кейін вирус басқа елдерде тарала бастады. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ әлемдегі коронавирустың таралуын
пандемия деп сипаттады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы COVID-19 коронавирусының шығу тегі туралы біліп, инфекция ошағына барды. Сапар барысында мамандар Ухань нарығына қатысты "маңызды дәлелдерді" анықтап, адамдарға COVID-19-дың келуі туралы төрт нұсқаны мәлімдеді.