Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Егер сіздің жасыңыз 18-ден асқан болса және екпені кем дегенде үш ай бұрын алсаңыз қазіргі уақытта вакцинаның бустерлік дозасын ала аласыз. Омикрон штаммының бүкіл елде таралып жатқандықтан міндетті түрде вакцина салдыру қажет. Өткен тәулікте 78 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл ең жоғарғы көрсетікіш", — деді Борис Джонсон.
Euronews агенттігінің мәлімдеуінше, әлемде эпидахуал ушығып тұрса да, ДДСҰ 2022 жылы пандемияның аяқталатына сенімді.
Пандемияны тоқтату біздің қолымыздан келеді. Бізде асқынған аурудың бетін қайтару үшін бәрі бар. Жағдайы ауыр науқастар мен өлім санын қысқарта аламыз, — деді ДДСҰ өкілі Мария ван Керкхове.
Сондай-ақ, Еуропаның бірқатар елдері 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бастап кетті. Оның алғашқылары: Германия, Хорватия, Грекия, Венгрия мен Испания.
Хорватия астанасы Загребте балаларды вакцинациялауға қарсылық білдірген жүздеген ата-аналар наразылық шеруге шықты.