ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі, - деп жазды Клюге Twitter-де.

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:

- күшейтілген бақылау;

- тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;

- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;

- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;

- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы; - зерттеудің жүргізілуі.