«Дегдар» қоры ерекше кеш өткізді

Мұнда соғыс жылдарындағы шығармалар, қазақ, Еуропа және орыс классиктерінің баға жетпес туындылары орындалды. Бұл жолы белгілі пианиношы Тимур Орманшиев пен скрипкашы Еркебұлан Сапарбаевтың сүйемелдеуімен баритон дауысты Азамат Жылтыркөзов ән шырқады. Мұндай жоба «Дегдар» қорының қолдауымен 5 жыл бұрын қолға алынған. Осы уақыт ішінде белгілі музыканттар барлық облыс орталықтарында тегін концерт беріп шықты. Ал 16-шы сәуірде «Астана Опера» залында Дариға Назарбаеваның қатысуымен осы жобаның қорытынды концерті өтеді.   

Азамат Жылтыркөзов, әнші:

-Қай ән болсын. Ол жаңағы «Темная ночь», «День победы» болсын, соның бәрін естіп өзедерінің соғысқан кездерін есіне алып, көздеріне жас алып отырады. 

Loading...