Әнші Азамат Жылтыркөзов пен пианист Тимур Орманшеев концерт шымылдығын танымал туындымен ашты. Мұндай қайырымдылық шараны «Дегдар» қоры GTI компаниясымен бірлесіп бесінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Концертке кіру тегін болғаны былай тұрсын, қор мүшелері соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлеріне азық-түлікке дейін апарады. Бүгінде «Дегдардың» мұндай шарапатына 4 жарым мың қария бөленіпті.
Азамат Жылтыркөзов, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
-2016 жылдың басын Қостанай облысынан, осы Лисаковск қаласынан бастап отырмыз. Жаңа ғана концерт өтті. Өте жақсы деңгейде өтті. Өте жылы көремендер. Толық зал.
Loading...