Дэвид Кэмерон мен Эд Милибэнд сайлау алдындағы теледебатқа шықты - Британия


Бұл туралы британдық БАҚ мәлімдеді.
Сайыс кеше кешкісін екі саясаткер арасында болды. Олар журналист Джереми Пэксменнің сұрағына жауап берді.
"Гардиан" газеті мен ICM компаниясы ұйымдастырған көрермендер сауалнамасының қорытындысы бойынша 54% адам Д.Кэмерон сенімдірек шыққанын айтқан, 46%-ы Э.Милибэндті жақтап дауыс берді.
Ұлыбританияда парламент сайлауы 7 мамырға белгіленген.