Дэвис Кубогы: Қазақстан алғашқы кездесуде Бельгиядан басым түсті

Матч 6:4, 6:7, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазіргі уақытта Андрей Голубев Бельгия құрамасының көшбасшысы Давид Гоффинге қарсы кортқа шығуға дайындалып жатыр.

Ертең жұптық сайыста қазақстандық қос теннисші Евгений Королев пен Денис Евсеев алаңда Оливье Рохус пен Киммер Коппеянсқа қарсы ойнайтын болады.

Ал қорытынды күнінде Кукушкин-Гоффин, Голубев-Бемельманс өзара мықтыны анықтайды.