Дэвис кубогы: Қазақстан Италия құрамасымен кездеседі

Теннис матчы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы қатарынан 5 жыл бойы әлемдік теннистің элитасына еніп, үздік ондықты қорытындылап тұр.

Бес жыл ішінде ерлер құрамасы үш рет турнирдің ширек финалына дейін жетті. Өткен жылы да ширек финалға жеткен Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен болашақ чемпион Швейцарияға жол берген болатын.

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы додасында 19 жылдан бері, ал әлемдік топта 5 жыл қатарынан өнер көрсетіп келеді.