Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

Диас Досқараев бастаған біздің жігіттер Австриядан басым түсті, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Бұған дейін Андрей Голубев пен Евгений Королев жекелей кездесулерде жеңіске жетіп, Қазақстан 2:0 есебімен алға шыққан еді. Артынша жұптық кездесуде Австрия есепті қысқартқан. Ал 3 ақпан, жексенбі күні Андрей Голубев Юрген Мельцерді ұтты.

Теннис. Дэвис кубогы. 1/8 финал:
Андрей Голубев (Қазақстан) - Юрген Мельцер (Австрия) - 4:6; 6:3; 6:4; 6:2.

Австрия құрамасы соңғы бесінші кездесуден бас тартты. Қазақстан құрамасы енді ширек финалда Чехиямен кездеседі.