Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

 Енді жерлестеріміз ширек финалда Швейцариямен кездеседі.

Соңғы күні Михаил Кукушкин өз қарсыласы Оливье Рохустан ұтылып, есеп теңескен. Ал шешуші матчта Андрей Голубев Рубен Бемельманспен ойнап, 6:2, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кездесуде ұлттық құраманың ойыншысы Михаил Кукушкин әлемнің 163-ші ракеткасы бельгиялық Рубен Бемельмансты 6:4, 6:7 (3), 6:2, 6:3 есебімен қапы қалдырған еді

Михаилдан кейін кортқа Андрей Голубев шықты. Ол Бельгия құрамасын бастап келген, құраманың лидері Давид Гоффенмен ракетка айқастырды.  Бес сетке созылған ойынды жерлесіміз қарсыласынан  айласын асырды. 4 сағат 30 минутқа созылған ойын 7:6 (9), 3:6, 4:6, 6:2, 12:10 есебімен  аяқталды.

Ал жұптық кездесуде Михаил Кукушкин мен Евгений Королев жұбы Оливье Рохус пен Рубен Бемельманс жұбынан ұтылып қалды, деп хабарлайды «Аламан».