Дэвис Кубогы: Роджер Федерер Қазақстанға қарсы ойнайды

"Мен команда құрамында боламын, достарым капитан Сэв (Северин Люти) және Стэнмен (Станислас Вавринка) бірге сәуір айында Қазақстанға қарсы ойнаймыз»,  - деп жазды Федерер өз твиттерінде.

Швейцария құрамасы Сербияны 3-2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Федерер бұл сынға қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Сөйтіп қазақстандық теннисшілер 4 жылда үшінші рет жарыстың осындай деңгейіне шықты.


 Қазақстан құрамасымен арадағы ширек финалдық ойын Швейцарияда сәуірдің 4 мен 6 аралығында өтеді.