Дэвис Кубогының рейтингінде Қазақстан құрамасы 8-ші орынға көтерілді

Бұл туралы Vesti.kz сайтынан хабарланды.

Нақтылап айтсақ, Өзбекстанның ұлттық құрамасына қарсы сәтті ойын өрнегін салғаннан кейін, қазақстандық теннисшілердің рейтингі жоғарылап, Әлемдік топ қатарына шыққанға ұқсайды. Ал рейтинг көшбасшылығын Дэвис Кубогының қазіргі жеңімпаздары - Испания құрамасы сақтап қалды. Екінші орынға ағымдағы ойындарда финалға дейін жеткен Чехия құрамасы жайғасса, үздік үштіктер қатарынан Аргентина құрамасы да көрінді.

Әлемдік топтың плей-офф кездесуінде Бразилия командасына ұтылған Ресей құрамасы үш сатыға төмендеп, 17-ші орынға табан тіресе, олардың қарсыласы болған Бразилия 9 сатыға бірден көтеріліп, 16-шы орынға орнықты.

Дэвис Кубогы. 17 қыркүйек 2012: :

1 (0)*. Испания - 40653,13 очка;

2 (+2). Чехия - 21852,19;

3 (-1). Аргентина - 21031,25;

4 (-1). Сербия - 20146,88;

5 (0). Франция - 14570,00;

6 (0). США - 10612,50;

7 (0). Хорватия - 5960,00;

8 (+1). Казахстан - 4187,19;

9 (-1). Австрия - 3984,38;

10 (+1). Израиль - 3973,44;

...17 (-3). Россия - 2375,00;

...22 (-1). Узбекистан - 1935,00;

...33 (+4). Украина - 850,00;

50 (-4). Беларусь - 365,00.