Дэвис Кубогының рейтингісінде Қазақстан құрамасы екі сатыға төмендеп кетті


Дэвис Кубогының алғашқы әлемдік топтағы кездесуінде Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ¼ финалға өткен болатын. Бұған қарамастан, Қазақстан құрамасын өзге елдердің командалары озып кетті. Олар - Италия мен 15-орыннан 9-орынға ойысқан Швейцария құрамалары.
Рейтингтің көш басында Кубоктың өткен жылғы жеңімпазы Чехия тұр. Екінші сатыда - Сербия, үшінші испандықтар келеді. Айта кету керек, Испания мен Сербия бірінші айналымда жеңіліс тапқан болатын.