Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауады. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және  жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта жел күшейеді.

«16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді», – делінген хабарламада.