Демалыс күндері еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады


Алматы қаласында маусымның 10-12-сі күндері өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ауаның температурасы түнде 13-15 градус жылы, ал күндіз 30 градус ыстық болады. Заина Құлжабаева, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері: -Астана қаласында 10 маусымда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел солтүстік батыстан 9-14 С, екпіні 15-20 метр секундына жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-10 С, күндіз 18-20 С жылы болады.