«Антициклон ықпалымен республиканың басым бөлігінде демалыс күндері жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты болады, ыстық ауа райы батыс жақтан біртіндеп барша Қазақстанға тарайды. Батыста және оңтүстікте ауа райы 32-42ºС, оңтүстік-шығыста 28-37ºС, қалған аумақта 25-тен 35ºС-қа дейін ыстық болады деп күтілуде. Бұл температура қалыптыдан 3-7ºС жоғары. Тек шығыста және таяу күндері республика солтүстігінде жер-жерлерде найзағаймен өткінші жауын жаууы ықтимал», - деп жазылған хабарламада.