Демалыс күндері солтүстік өңірлерде күн суытады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік жартысы циклон және суық атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Соның әсерінен күн суытып, қар жауады, секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ал республиканың оңтүстік-шығысында сенбі және дүйсенбі күндері ауа райы жауын-шашынды. Жексенбіде күн ашық болады, оңтүстікте де жылы болады деп күтілуде.