Демалыс күндері жауын жауады, боран болады деп күтілуде

«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Сібірдің оңтүстігіне көшеді. Ал Ресейдің европалық аумағынан циклон көшіп келеді. Сондықтан демалыс күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда боран болып, жел  жылдамдығы 15-20м/с дейін көтеріледі деп күтіледі.  Оңтүстікте жауын, таулы аудандарда сулы қар жауады. Температура төмендейді, алайда аталған кезең үшін климаттық нормадан жоғары болады»,- делінген хабарламада.