Антициклон шығыс бағытта жылжи отырып республикамыздың көптеген облыстарын аздаған бұлт торлайды. Бірақ ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн райының жылынуы қалған аймақтарда күтілуде, сондықтан ауа температурасы қалыпты нормадан 3-7ºС жоғары болады деп күтілуде.
Сәуірде ауа райы тұрақсыз болғандықтан, демалыс күні батыс аймақтарда Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп болжайды синоптиктер.