Демалыс күндеріне доллардың ресми бағамы айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Демалыс және дүйсенбі күндері доллар бағамы 467,09 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 25 ақпандағы ресми бағамы - 465,99 теңге.

KASE қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы - 467,09 теңге.


Kurs.kz
мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы - 460,64 теңге, сату - 465,22 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,56 теңгеден сатып алынып, 464,63 теңгеден сатылып жатыр.