Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
АСТАНАДА
Елордада алдағы үш күн бойы құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктер тұрғындар мен қала қонақтарына қолшатыр алып жүруге кеңес береді. 14 маусымда күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C шамасында. 15 маусымда да өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура +16…+18°C, күндіз +27…+29°C болады. 16 маусымда жауын-шашын жалғасып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C болса, күндіз +29…+31°C-қа дейін көтеріледі.
АЛМАТЫДА
Алматыда демалыс күндері ауа райы негізінен жылы болады. Алайда апта басында аптап ыстық күшейіп, кейін қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 14 маусымда күн ашық болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің екпіні күндіз 13 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C болады. 15 маусымда күн қатты ысиды. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C ыстық күтіледі. 16 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C шамасында болады.
ШЫМКЕНТТЕ
Шымкентте алдағы күндері аптап ыстық сақталады. Кей күндері оңтүстік өңірге тән қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 14 маусымда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с шамасында. Ауа температурасы түнде +18…+20°C болса, күндіз +34…+36°C-қа дейін көтеріледі. 15 маусымда күн бұлттанып, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соған қарамастан аптап ыстық бәсеңдемейді. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C күтіледі. 16 маусымда да өзгермелі бұлтты ауа райы сақталып, өткінші жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C деңгейінде болады.