Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті. 

Есеп - 9:0.

Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады. Демеудің ендігі қарсыласы - қырғызстандық Ақжол Махмұдов.