Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия судьяларға берілетін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын қарайды



Отырыс барысында жұмыс тобының мүшесі, ҚР Жоғарғы сотының судьясы Жолымбет Байышев "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" конституциялық заңның жобасынан судьялардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ, мүлкін мемлекет тарапынан сақтандыру туралы ұсынысты алып тастауды ұсынды. "Мемлекеттік міндетті сақтандыру бюджеттен ауқымды шығын шығаруды талап етеді",- деді ол. "Конституциялық заңның жобасында міндетті мемлекеттік сақтандыруды егер жұмыс барысында судьяға қатысты сақтандыру жағдайы туындаған күнде сақтандыру төлемдерін беру жөніндегі баппен алмастыру ұсынылады. Бұл бюджеттен ауқымды қаржы бөлуді талап етпеумен бірге судьяларды әлеуметтік тұрғыда қорғауға мүмкіндік береді",- деді Ж.Байышев.

Сонымен бірге ол жұмыс тобының мүшелерін "судьяларды тұрақты тағайындамау мүмкіндігіне қызығудан" сақтандырды. "Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, судьяның тәуелсіздігі мен оның обьективті әділеттілік орнату мүмкіндігіне оның тұрақты тағайындалуы немесе тұрақты сайлануы басты кепілдік болмақ",- деді Ж.Байышев. Оның айтуынша, қата сайлануы немесе қайта тағайындалуы мүмкін судья "тәуелсіздік, обьективтілік, бұра тартпаушылық сынды қасиеттерінен айрылып қалады. Өйткені, оны қайта тағайындаумен шұғылданатын органдар оған көп жағдайда қандайбір ықпал жүргізіп әсер ете алады".

Жұмыс тобының барлық ұсыныстары мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады.