Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірді


Жаға ұстатарлық жағдай Талас ауданы Ақкөл ауылында болған. Ерлі-зайыптылар облыс орталығындағы тойға барса керек. Қонақтан үйге оралған соң екеуінің арасында дау туған. Қызғаныштан басталған жанжал соңы әйеліне қол көтерумен аяқталыпты. Қатты соққыдан 24 жастағы келіншек жатқан орынан тұра алмаған. Оның үш қабырғасы сынып, миына қан құйылған. Маскүнем ұстаз әйелінің бақилық болғанын тек ертеңінде біліпті.